2022 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мен МЖӘ Орталығы МЖӘ жобаларын жоспарлау және іске асыру процесінің ашықтығын көздейтін портал құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында электрондық алаң құру жөніндегі жұмысын бастады.
МЖӘ туралы Заңға өзгерістер енгізу арқылы әдіснамалық негіз дайындалды (ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігі қағидаты енгізілді). “Электрондық қаржы орталығы” АҚ-мен бірлесіп әзірленген портал конкурстық рәсімдерді өткізуге және жеңімпазбен шарттар жасасуға мүмкіндік береді.
Еуразиялық Даму Банкі алаңды құру үшін техникалық жәрдем қорының қаражатынан грант бере отырып, процесті цифрландыруға көмектесті.
Әзірленген жүйе кең функционалдық мүмкіндіктерге ие және бір терезе режимінде МЖӘ жобалары бойынша барлық конкурстық рәсімдер мен ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Оны Қазақстан Республикасының басқа ақпараттық жүйелерімен интеграциялау жоспарлануда.
Тәжірибелік пайдалануға беру басталғаннан бері порталда Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде (тамақтандыруды ұйымдастыру, мектептерді, спорт кешендерін, балабақшаларды салу және пайдалану, автокөлікке қызмет көрсету) 19 конкурс жарияланды.
2024 жылы конкурстарды өткізу МЖӘ порталы арқылы мүмкін болады, қағаз форматы алынып тасталады.