Түркістан облысында жекешелік әріптесті анықтау мақсатында конкурс өткізу бойынша хабарлама Түркістан облысын

Түркістан облысының әкімдігі атынан Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы, Жаңа қала мөлтек ауданы, №32 көше, №18 ғимарат, «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-і төмендегі жобалар бойынша конкурс процедураларын және рәсімдерді пайдалана отырып,  жекеше әріптесті анықтау туралы конкурс жариялайды:

  1. «Қала аумағының санитарлық тазалығын қамтамасыз ету арқылы Түркістан облысының Арыс қаласының тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін тіршілік ортасын жақсарту»;
  2. «Қала аумағын абаттандыру және көгалдандыру арқылы Түркістан облысының Арыс қаласының тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ете отырып, қолайлы өмір сүру ортасын құру»;
  3. «Түркістан облысы Арыс қаласының көше жарықтандыру жүйелерін жаңғырту және қызмет көрсету»;
р/сІс-шараның атауыІс-шараларды өткізу мерзімдері (уақыты мен күні Қазақстан Республикасы Астана қ. уақыты бойынша белгіленген)
1Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органды бір мезгілде хабардар ете отырып, Конкурсты ұйымдастырушының Конкурс өткізу туралы хабарламасы (ақпарат Конкурсты ұйымдастырушының ресми Интернет-ресурсында және МЖӘ дамыту орталығына конкурстық құжаттаманың электрондық көшірмесін жібере отырып, МЖӘ веб-порталында, қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады)2023ж. «28» желтоқсан (Конкурс өткізілетін күнге дейін кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын, ал қайта конкурс өткізген кезде – кемінде 15 (он бес) күнтізбелік күн бұрын)
2Конкурсты ұйымдастырушының Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғаларға Конкурстық құжаттаманың көшірмесін ұсынуыКонкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап
3«Қала аумағының санитарлық тазалығын қамтамасыз ету арқылы Түркістан облысы Арыс қаласының тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін тіршілік ортасын жақсарту» МЖӘ жобасының конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіру, талқылау және түзету2024 жылғы «4» қаңтардан кешіктірмей және сұрауды тіркеген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде
4Әлеуетті Жекеше әріптестердің Заңның 32-бабында көзделген олардың қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы2024 жылғы «26» қаңтар сағат 18:00 кешіктірмей кешіктірмей (конкурс жарияланғаннан кейін кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн)
5Конкурсты ұйымдастырушының Әлеуетті Жекеше әріптестердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізуі арқылы біліктілік іріктеуін жүргізуіқұжаттарды ұсыну мерзімі аяқталған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде
6Конкурсты ұйымдастырушының Әлеуетті Жекеше әріптестерді бағалау нәтижелерін жіберуібіліктілік іріктеу аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде
7Әлеуетті жекеше әріптес Конкурстық өтінімді әзірлеу және енгізу, сондай-ақ Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету«Қала аумағының санитарлық тазалығын қамтамасыз ету арқылы Түркістан облысы Арыс қаласының тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін тіршілік ортасын жақсарту» МЖӘ жобасының конкурстық құжаттамасын алған сәттен бастап 2024 жылғы «26» қаңтар сағат 18:00 дейін
8Комиссияның Конкурстық өтінімдері бар Конверттерді ашуы2024 жылғы «29» қаңтар сағат 10:00
9Конкурстық өтінім берген Жекеше әріптестерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне Конкурстық өтінімдері бар Конверттерді ашу хаттамасының көшірмесін жіберу.көрсетілген Комиссия отырысының күнінен кейінгі 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей
10Комиссияның конкурстық өтінімдерді қарауыбіліктілік іріктеу нәтижелерін ескере отырып, Конкурстық өтінімдері бар Конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде
11МЖӘ жобасын және шартының талаптарын нақтылау жөніндегі келіссөздердің тиісті хаттамасын ресімдей отырып, конкурстық өтінімі үздік деп танылған әлеуетті Жекеше әріптеспен комиссияның келіссөздер жүргізуі2024 жылғы «8» ақпан сағат 10:00
12Конкурсты ұйымдастырушының оған МЖӘ шартының жобасына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу кезінде келісуге үздік конкурстық өтінімді айқындау туралы хаттаманың көшірмелерін қоса бере отырып, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға Жолдауы2024 жылғы «15» ақпанға дейін
13Конкурс жеңімпазын анықтау2024 жылғы «8» ақпаннан кешіктірмей
14Конкурсты ұйымдастырушының мәслихаттың шешім қабылдау қорытындысы бойынша Комиссия шешімінің негізінде Конкурс жеңімпазымен Шарт жасасуы.конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайды
15Конкурсты ұйымдастырушының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органды бір мезгілде хабардар ете отырып, Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі Конкурстың нәтижелері туралы мәліметтерді өзінің ресми Интернет-ресурсында, МЖӘ веб-порталында, қазақ және орыс тілдерінде орналастыруыМЖӘ Шарты жасалғаннан кейін 5 (бес) күн ішінде

Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңының 32 бабында және жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарға сай келетін барлық әлеуетті қатысушыларға рұхсат етіледі. Конкурсқа қатысуға және  конкурсты ұйымдастырушыға ұсыну үшін қажетті құжаттардың тізбесі мен әлеуетті қатысушыларға қойылатын талаптар конкурстық құжаттамада көрсетілген.

Анықтамалық ақпаратты «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-нен мына телефон арқылы  алуға болады:

Телефон: 8 700 205- 95-78.

МЖӘ конкурстық рәсімдер порталындағы жобаға сілтеме №1

МЖӘ конкурстық рәсімдер порталындағы жобаға сілтеме №2

МЖӘ конкурстық рәсімдер порталындағы жобаға сілтеме №3

мерзімдер конкурстық рәсімдерді өткізу жөніндегі порталда хабарлама алғаш жарияланған күннен бастап есептеледі

Previous Жаңа 2024 жыл құтты болсын!

Leave Your Comment