МЖӘ Орталығының алаңында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергеновтің төрағалығымен денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.
Іс-шараға ҚР Ұлттық экономика және денсаулық сақтау министрліктерінің, Алматы, Түркістан, Қарағанды облыстары мен Шымкент қаласы әкімдіктерінің, МЖӘ Орталығының өкілдері, сондай-ақ сараптамалық және бизнес қоғамдастықтардың өкілдері қатысты.
Жобаларды қаржыландыруды, саясат пен реттеуді, технологиялық инновацияларды, медициналық қызметтер көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы МЖӘ тетігін дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары талқыланды.