Ағымдағы жылдың 7 ақпанында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы:
“Ешқандай жаңалық ойлап табудың қажеті жоқ. Оған әлемдегі озық тәжірибені пайдаланып, уақыт тезінен өткен тәсілдерді ұсына алатын халықаралық ұйымдарды тартқан жөн. Бұл мәселені шұғыл шешу керек”, – деп атап өтті.
2021 жылы МЖӘ Орталығы Қазақстанның МЖӘ (AP3F) саласындағы әлеуетін нығайтуға Азия даму банкінің (АДБ) техникалық көмегін тартудың арқасында бірлескен әдіснамалық жұмыс жүргізілді, халықаралық стандарттарға сәйкес МЖӘ саласындағы сарапшылардың құзыреттерін арттыру жүзеге асырылып, цифрлық рәсімдерді интеграциялау шеңберінде жұмыс жүргізілді.
Биылғы жылы бірлескен жұмыс ЖОО студенттерін жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету үшін салалық құжаттар топтамасын дайындауға бағытталған.
Осы орайда, бүгін МЖӘ Орталығы, АДБ, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, “Қаржы орталығы” АҚ және “Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті” КЕАҚ өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізілді.
Азия Даму банкі студенттік жатақханаларды салу және пайдалану бойынша МЖӘ жобаларын кейіннен іске асыру үшін үлгілік құжаттарды дайындау бөлігінде ҚР МКҰ-ға қолдау көрсетуге дайын. Халықаралық қаржы ұйымының қатысуы құжаттардың сапасын және олардың үздік әлемдік стандарттарға сәйкестігін арттыруға мүмкіндік береді деп болжануда.