13-16 мамыр аралығында Алматыда APMG CP3C халықаралық сертификаттауға дайындықтың қарқынды бағдарламасы өтті. Бас ұйымдастырушы – PPP Expertise Eurasia (Ұлыбритания) “МЖӘ саласындағы сертификатталған маман” халықаралық біліктілікке даярлау бағдарламасын өткізу бойынша аккредиттелген тренингтік ұйым.
CP3C бағдарламасы бойынша оқыту циклі сабақтарға практикалық бағыт беру мақсатында өткізілді. Бұл үшін PwC халықаралық консалтингтік компаниясы шақырылды, олар бағдарлама аясында “үлкен төрттік” тәжірибесінен нақты МЖӘ жобаларының егжей-тегжейлі кейстерін ұсынды.
Курс аясында қазақстандық делегация өкілдерінен МЖӘ Орталығы төрағасының орынбасары Айдос Кобетов Қазақстандағы МЖӘ негіздемелік шарттары мен жобалары туралы баяндама жасады.
Оқытуға халықаралық қаржы корпорациясының (Қазақстан, Өзбекстан), Еуразиялық даму банкінің (Ресей) өкілдері, сондай-ақ жеке серіктестер қатысты.