АҚШ сауда министрлігі (CLDP) жанындағы коммерциялық құқықты дамыту бағдарламасына сәйкес МЖӘ орталығының қызметкерлері 2024 жылғы 29-31 мамырда Түркияның Стамбул қаласында өткен МЖӘ жобалары саласында ақпарат алмасу жөніндегі іс-шараға қатысты.
Іс-шараның мақсаты Орталық Азия елдері үкіметтерінің ашық және орнықты инфрақұрылымдық жобалардың, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы әзірлеу жөніндегі әлеуетін арттыру болып табылады.
2022 жылдан бастап CLDP өткізетін тренингтер сериясы сараптамалық презентациялары бар МЖӘ процестері туралы ауқымды өзекті ақпаратты ұсына отырып, МЖӘ негізгі тұжырымдамаларын қолдану тиімділігін арттыруға ықпал етуде.
Іс-шара бағдарламасы МЖӘ келісімшарттарын басқару және дауларды шешу, МЖӘ жобаларының экономикалық өсуге әсері, сондай-ақ Үздік зияткерлік шешімдер негізінде құрылған Стамбулдағы “Еуразиялық туннель” атты МЖӘ объектісіне шолуды қамтыды.