Қарағанды қаласында концессионерді таңдау бойынша ашық конкурс

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

«ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНДА 300 ТӨСЕКТІК КӨПБЕЙІНДІ УНИВЕРСИТЕТТІК АУРУХАНА САЛУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША КОНЦЕССИОНЕРДІ ТАҢДАУ БОЙЫНША АШЫҚ КОНКУРС

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі» мемлекеттік мекемесі «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 07 шілдедегі №167 Заңының 20-1-бабына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы                                  22 желтоқсандағы №157 бұйрығымен бекітілген Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу қағидаларының 9-тармағына сәйкес, (Конкурс ұйымдастырушы) концессиялық жобаны іске асырудың екі кезеңдік рәсімдерін пайдалана отырып, «Қарағанды қаласында 300 төсектік көпбейінді университеттік аурухана салу және пайдалану» жобасы (бұдан әрі – Жоба) бойынша концессионерді таңдау бойынша ашық конкурс жариялайды.

Концессия объектісі туралы мәліметтер

Концессия объектісі: концессия шарты жобасының 8-қосымшада сипатталған барлық жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектілерінен, атап айтқанда аурухана ғимараттары мен қосалқы объектілерден, сонымен қатар концессия шарты жобасының 11-қосымшада сипатталған барлық техникалық құрылыстар мен жабдықтардан, оның ішінде концессия шартына техникалық талаптарды қоса алғанда сәйкес әзірленетін, өндірілетін, салынатын, монтаждалатын, пайдалануға және қызмет көрсетуге жататын, мүліктік кешен.

Жобаның атауы: «Қарағанды қаласында 300 төсектік көпбейінді университеттік аурухана салу және пайдалану».

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы, Шахтерлар даңғылы, жер учаскесінің алаңы 14 га, кадастрлық нөмірі 09-142-134-674.

Негізгі сипаттамалары: Концессия шарты бойынша бекітілген медициналық-технологиялық тапсырмаға сәйкес техникалық сипаттамалары бар 300 төсектік көпбейінді университеттік аурухананы салу және пайдалану.

Жобаны іске асыру мерзімі:       Концессия шарты бойынша 20 жылға дейінгі мерзімге салу және пайдалану.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 1 қарашадағы №828 қаулысымен Жоба ерекше маңызы бар концессиялық жобалар санатына жатқызылған.

Әлеуетті қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

Әлеуетті концессионер «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 66-бабына[1] сәйкес айқындалатын біліктілік талаптарына сай келуі тиіс.  Денсаулық сақтаудың техникалық күрделі объектілерін салу немесе пайдалану жөніндегі жобаларды іске асыру тәжірибесі мынадай шарттарды көздейді: конкурсқа қатысушы бірінші кезенің конкурстық өтінімін ұсынудың соңғы мерзімінің алдындағы 10 (он) жылдың ішінде көрсетілген құжатты ұсынуы тиіс:

1.    1-санат: Конкурсқа қатысушы өлшемі мен функциялары Жоба аясындағы концессия объектісі ұқсас ауруханалар немесе басқа медициналық мекемелер салу немесе ауруханаларды реконструкциялау бойынша кемінде екі бірлескен жобаға Қазақстандық теңгенің эквивалентінде кем дегенде 25 миллион Еуроға пара-пар капитал инвестициялаған; және/немесе

2.    2-санат: Конкурсқа қатысушы ұқсас климаттық жағдайларда өлшемі мен функциялары Жоба аясындағы концессия объектісі ұқсас ауруханалар немесе басқа медициналық мекемелер салу немесе ауруханаларды реконструкциялау бойынша жасалған құрылыстың жиынтық құны Қазақстандық теңгенің эквивалентінде кемінде 100 миллион Еуроға пара-пар кем дегенде екі орындалған келісімшарт бойынша негізгі мердігер қызметін сәтті орындап шыққан; және/немесе

3.    3-санат: Конкурсқа қатысушы келісімшарттың жиынтық құны Қазақстандық теңгенің эквивалентінде кемінде 15 миллион Еуроға пара-пар ауруханаларды немесе басқа медициналық мекемелерді пайдалану немесе басқару туралы кемінде екі келісімшарт бойынша объектілердің негізгі пайдаланушысы немесе басқарушысы болған.

Консорциум өтiнiш берушi ретiнде қатысқан жағдайда, консорциум мүшелерiнiң кемiнде бiрi жоғарыда көрсетiлген мәлiметтердi ұсынуы мiндеттi.

Конкурсты ұйымдастырушыға беруге тиiс қажеттi құжаттардың тiзбесi конкурстық құжаттамада (конкурсты ұйымдастыршы мүдделi тұлғаларды тiркегеннен кейiн қол жетiмдi) ұсынылады. 

Тіркелу:

Мүдделі тұлға конкурсқа қатысушы ретінде тіркелуге арналған өтінімді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm жүктеп,  толтырылған өтінімнің сканерленген көшірмесін minzdrav@dsm.gov.kz, s.ramazanov@dsm.gov.kz , s.kulzhanova@dsm.gov.kz , a.zhorabekova@dsm.gov.kz  жібереді, ал қағаз көшірмесі Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс, 1122 бөлме, тел. +7 (7172) 743504, 743421 мекенжайына жібереді.

Өтiнiмдi алған кезде конкурсты ұйымдастырушы өтiнiмдi тiркеуді жүзеге асырады және тиiстi растауды, сондай-ақ жобалық құжаттары бар дерекқорға қол жеткiзуді өтінім берушіге ұсынылған электрондық почта мекенжайына жiбереді және (немесе) конкурсқа қатысушының уәкiлеттi өкiлiне кокнурстық құжаттаманың  көшірмесін қол қойғыза отырып ұсынады.

Конкурстық (өтiнiмдердi ашудың) орны, уақыты және күнi:

Конкурсқа тiркелген қатысушы бiрiншi кезеңнiң конкурстық өтiнiмді (төменде көрсетiлген веб-сайттарда бар конкурстық құжаттамада айқындалғандай) ұсынуы қажет:

•      Конкурстық құжаттаманың ережелеріне сәйкес және

•      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң жоғарыда аталған мекен-жайларына және

•      Тапсырудың соңғы мерзіміне дейін – 2024 жылғы 27 қараша, Астана уақыты бойынша сағат 15.00.

Конкурстық өтінімдерді ашу мына мекен-жай бойынша жүзеге асырылады: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс, Конференц залы.

Жоба туралы ақпарат сайтта орналыстырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm


[1] «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 66-бабының 12-тармағы: Денсаулық сақтау объектілерін құруды (реконструкциялауды) және (немесе) пайдалануды көздейтін ерекше маңызы бар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары, оның ішінде концессиялық жобалар бойынша әлеуетті жекеше әріптестерге, концессионерлерге немесе жобаны іске асыру мақсатында құрылған жаңа заңды тұлғаның (консорциумның) құрылтайшыларына (қатысушыларына) техникалық жағынан күрделі денсаулық сақтау объектілерін салу немесе пайдалану жөніндегі жобаларды іске асыру тәжірибесінің (құрылтайшылардың (қатысушылардың) бірінің тәжірибесінің) болуы туралы қосымша (арнайы) біліктілік талабы қойылады.

Previous Аслан Қалиғазин «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды

Leave Your Comment