МЖӘ Орталығының алаңында Азия Даму Банкінің консультациялық миссиясы аясында жұмыс кездесуі өтті.
Талқылаудың негізгі тақырыбы студенттік жатақханаларға арналған бағдарламалық МЖӘ пилоттық жобасы, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру кезінде тәуекелдерді бөлудің негізгі аспектілері болды. Жобаларды басқарудың тиімділігі, жеке инвесторлардың рөлі, сондай-ақ студенттік жатақханалардың сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету тетіктері мәселелері қозғалды.
Кездесу Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің , “Қаржы орталығы” АҚ және басқа да мүдделі тараптардың өкілдерін біріктірді.
