Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастық: МЖӘ Орталығы отырысқа қатысты

2024 жылғы 13 желтоқсанда Корея Республикасы Бас консулдығының төрағалығымен «Кәсіпкерлік қызметті қолдау-2024» отырысы өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстан мен Корея арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту, корей бизнесінің қазақстандық нарыққа шығуына жәрдемдесу, сондай-ақ шағын және орта бизнес пен венчурлық кәсіпкерлікті дамыту болды.
Отырыс жұмысына Қазақстандық МЖӘ Орталығының төрағасы Аслан Қалиғазин қатысты. Сонымен қатар, ФРП «Даму», Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, BLJ заң кеңсесі және қазақстандық пен корейлік бизнес-қоғамдастық өкілдері де іс-шараға қатысты.
Іс-шара тәжірибе алмасу, перспективаларды талқылау және елдер арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға арналған жаңа бастамаларды әзірлеу алаңына айналды.

Previous <strong>Қаржылық-экономикалық модельді әзірлеу бойынша семинар сәтті аяқталды</strong>

Leave Your Comment