Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығының академиясында «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыруға жоспарланған бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін әзірлеу, түзету және экономикалық сараптама» тақырыбында екі күндік семинар өтті.
Шараға С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ мен жеке сектор өкілдері қатысты.
Семинар аясында қатысушылар инвестициялық жобаларды дайындау, олардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау және күтілетін нәтижелерді талдау бойынша теориялық әрі практикалық тұрғыда білім алды.
Семинар барысында МЖӘ Сараптама департаменті директорының орынбасары Такенов Жандос лектор ретінде баяндама жасады. Ол бюджеттік инвестициялық жобаларды бағалаудағы заманауи тәсілдер мен жиі кездесетін қателіктерге тоқталып, қатысушылармен тәжірибе алмасты.
Семинар қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.