Қазақстандағы МЖӘ-нің қазіргі жағдайы туралы анықтама

  1. МЖӘ жобалары, концессиялық жобалар бойынша жиынтық ақпарат (бұдан әрі – жобалар, жоба)

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
жалпы құны 2 740 053 млрд теңгені құрайтын 1 108 МЖӘ, концессия шарттары (бұдан әрі – Шарттар) (оның ішінде 2 393,4 млрд теңге сомасына 697 іске асырылып жатқан жоба, 346,7 млрд теңге сомасына 411 мерзімі аяқталған жобалар (шарттардың мерзімі өткен) жасалған:

  • құны 1 435,1 млрд теңгеден асатын 14 республикалық жоба;
  • құны 1 305 млрд теңгеден асатын 1 094 жергілікті жоба.

Құны 862,1 млрд теңгені құрайтын 149 келісімшарт тоқтатылған (бұзылған), оның ішінде 3 республикалық жоба.

Анықтама ретінде:

2005 ж. – 2 жоба (67,3 млрд теңге), 2007 ж. – 1 жоба (4,1 млрд теңге),                       2015 ж. – 2 жоба (1,5 млрд теңге), 2016 ж. – 11 жоба (11,5 млрд теңге), 2017 ж. –
146 жоба (193,9 млрд теңге), 2018 ж. – 266 жоба (849 млрд теңге), 2019 ж. –
240 жоба (128,8 млрд теңге), 2020 ж. – 123 жоба (199,4 млрд теңге), 2021 ж. –
170 жоба (237,6 млрд теңге), 2022 ж. – 37 жоба (395,5 млрд теңге),
2023 ж. –
44 жоба (273,3 млрд теңге), 2024 ж. – 56 жоба (148,1 млрд тенге), 2025 ж. –
11 жоба (244,5 млрд теңге)
.

II. Іске асырылып жатқан жобалар туралы ақпарат

Пайдалану кезеңінде құны шамамен 1 601,7 млрд теңгені құрайтын  
682
жоба бар, оның ішінде:

  •  құны шамамен 964,3 млрд теңгені құрайтын республикалық маңызы бар 12 жоба;
  • құны 637,4 млрд теңгені құрайтын жергілікті маңызы бар
    670 жоба.

Инвестициялық кезеңде құны 791,6 млрд теңгені құрайтын 15 жоба бар, оның ішінде:

  • құны 470,8 млрд теңгені құрайтын республикалық маңызы бар
    2 жоба;
  • құны 320,8 млрд теңгені құрайтын жергілікті маңызы бар 13 жоба.
  1. Жасалған Шарттар бойынша салалық ақпарат
СалаСаныЖалпы құны млрд теңге
бір.үлесі, %
Білім беру65059273,9
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер19518582,4
Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық13212368,4
Мәдениет және спорт817101
Көлік және инфрақұрылым262964,9
Басқалар242449,4
Сомасы1 105100740

Жасалған Шарттардың 88%-нан астамы сандық тұрғыдан 3 салаға тиесілі: білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету, энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық.

Дегенмен, құндық мәнде шамамен 35%-ы көлік және инфрақұрылым саласына тиесілі.

Previous <strong>Бюджеттік несиелеу тетігі қалай жұмыс істейді</strong>

Leave Your Comment