Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің атынандағы жалғыз акционердің шешімімен «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді.
Директорлар кеңесінің жаңа мүшелері болып экономика, қаржы және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік саласындағы мамандар Дамир Суентаев, Сания Перзадаева және Расул Ержанов тағайындалды. Аталмыш өзгерістер Мемлекет басшысының мемлекеттік басқару жүйесіне елдің табысты экономикалық дамуына ықпал ететін әйелдердің үлесін арттыру және Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшелерін тарту туралы тапсырмаларын орындау шеңберінде қабылданғанын атап өту керек.
Сондай-ақ, Директорлар кеңесінің құрамына ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров, ведомствоның аппарат басшысы Данабек Керімрай, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары Ербол Ахметов және «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасы Самат Сағындықов қайта сайланды.
Директорлар кеңесі барлығы жеті адамды құрайды. Кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі – 3 жыл.