#Маңғыстау_облысы #Денсаулықсақтау #МЖӘ
“Бүгінгі таңда қоғам тарапынан медицина саласында көптеген мәселелер көтеріліп келеді. Олардың ішіндегі ең ірісі-Саин Шапағатов ауылдық округіндегі 800 адамға арналған дәрігерлік амбулатория. Онда күніне 15 адамды ғана қабылдауға болады. Ал бүгінде ауылдағы халық саны 10 мыңнан асатыны белгілі. Бұл мәселе өткен жылғы есептік кездесуде тұрғындар тарапынан көтеріліп, іс-шаралар жоспарына енгізілді. Бұл бағытта Саин Шапағатов ауылдық округі мен Ақшұқыр ауылы үшін МЖӘ арқылы ортақ жеке клиника салу жоспарлануда”, – деді Түпқараған ауданының әкімі Айбек Қосуақов.