#Жарықтандырылу #Шымкент #МЖӘ
Өткен жылы мемлекеттік- жекешелік әріптестік аясында 104 көше жарықтандырылды. Нәтижесінде мегаполистегі орталық маңызы бар жарықтандырылған көше саны 324-ке жетті. Қамту көрсеткіші 30 %- дан 43,4 %– ға өсті.
Жалпы мемлекеттік- жекешелік әріптестік аясында (ГЧП) 2021–2023 жылдары 312 көше жарықтандырылады деп жоспарланған. Биыл 102 көше, атап айтқанда Абай ауданы – 29 көше, Әл-Фараби ауданы – 17 көше, Еңбекші ауданы – 29 көше, Қаратау ауданы – 27 көше жарықтандырылмақ.
Шымкентте 104 көше жарықтандырылды | “Адырна” ұлттық порталы (adyrna.kz)