#ЕАДБ #Инвестициялар #МЖӘ
“Инвестициялық жобаларды қаржыландыру шеңберінде техникалық жәрдемдесу-ЕАДБ ФКҚ жұмысының маңызды бағыттарының бірі, ол оларды түпкілікті іске асыруға дайындауға мүмкіндік береді. Жобаның пысықталуының, дайындығының сапасы түпкілікті іске асыру кезінде іргетасы болып табылады. Банк үшін жобадан күтілетін нәтиже-бұл мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасында жасалған МЖӘ Шарты. Геожүйе Қалалық қызметтер жұмысының тиімділігін арттырады және “ақылды” технологияларға көшу үшін жағдай жасайды, оларды қолдану қалалардың күнделікті өміріне оң әсер етеді және олардағы халықтың өмір сүру сапасын арттырады”, — деп атап өтті ЕАДБ Басқарма төрағасының орынбасары Амангелді Исенов.