<p>«Біздің қоғам ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмысқа орналастыратын бірлестіктер мен кәсіпорындардың жұмысы бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметке бағытталған қызметімен таныс. Қаржы министрлігінің деректеріне сәйкес, бүгінде осындай жүзге жуық субъект жеңілдетілген салық салуды пайдаланады. Сонымен бірге, қызметі әлеуметке бағытталған ұйымдар шеңбері әлдеқайда кең және олардың саны жыл сайын артып келеді. Оған азаматтық қоғамды дамыту және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің жаңа деңгейі, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жүйесін нығайту мен мемлекеттің бірқатар әлеуметтік функцияларын бәсекелес ортаға беру ықпал етуде», – деді Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева жалпы отырыста.</p> <p><br /> <a href=”https://www.inform.kz/kz/mazhilis-aleumettik-kasipkerlikti-damytu-turaly-zan-zhobasyn-makuldady_a3781920″>https://www.inform.kz/kz/mazhilis-aleumettik-kasipkerlikti-damytu-turaly-zan-zhobasyn-makuldady_a3781920</a></p>