Қарағанды медицина университеті жанындағы аурухана жобасы Сеулде өткен конференцияда таныстырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
«Қарағанды қаласында 300 орындық көпсалалы университеттік аурухананы салу және пайдалану» жобасы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылмақ. Жаңа аурухана университеттің клиникалық базасына айналады. Жақын арада осы концессиялық жобаға қатысу үшін ашық халықаралық конкурс жариялау жоспарланып отыр.
Айдос Көбетов, Қазақстандық МЖӘ орталығының басқарушы директоры:
– Конкурста ұтып алған инвесторға қойылатын талап. Ол объектіні салып болғаннан кейін 17 жыл мерзімінде сол объектінің эксплуатациясына жауап береді. Яғни, оны өзі салады, барлық қажетті медициналық техникамен жабдықтайды. Халықаралық стандарттарға сәйкес. Ал университет өз кезегінде бұл жерде студенттерді оқытып, сәйкесінше халықты қабылдап, қызмет көрсетеді.