ICD ірі МЖӘ жобалары шеңберінде Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтеді

МЖӘ Орталығының алаңында Ислам Даму Банкінің еншілес ұйымы – Islamic Corporation for the Development of the Private Sector (ICD) өкілдерімен кездесу өткізілді.

CD Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесіп Көкшетау қаласындағы аурухананы салу және пайдалану жөніндегі МЖӘ жобасын қаржыландыруға, сондай-ақ Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының жобасына қатысуда. ICD өкілдері ірі инфрақұрылымдық бастамаларға қатысуға дайын екендіктерін білдіре отырып, Қазақстандағы МЖӘ жобаларының портфелін одан әрі кеңейтуге мүдделілігін атап өтті. Бұл жобалар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іріктеліп алынды және Қазақстан инфрақұрылымының дамуы мен тұрақты өсуіне жәрдемдесу үшін халықаралық қаржы институттарын белсенді тартуды көздейді.

Previous «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру» атты семинар өтті

Leave Your Comment