Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты және Қоғамның директорлар Кеңесі бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс жоспарын іске асыру мақсатында МЖӘ Орталығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы түсіндіру және оның талаптарын сақтау бойынша кездесу өтті.
Кездесу Директорлар кеңесінің мүшелері, Басқарма мүшелері және Қоғам қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді, сондай-ақ ҚР Ұлттық экономика министрлігінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және цифрландыру басқармасының өкілдері шақырылды. Заңнама нормаларын түсіндіру үшін превенция қызметінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру басқармасынан Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Асан Айдарханов шақырылды.