«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» заңының 36 бабына және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының 77 тармағына сәйкес келесі жобаларды іске асыру үшін «Жаңғырту және пайдалану үшін «Көп бейінді облыстық аурухана» ШЖҚ КМК ас блогын сенімгерлік басқаруға тапсыру» жекеше әріптесті таңдау бойынша ашық конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.
Конкурсқа конкурстық құжаттаманың «Біліктілік іріктеу» бөлімінде көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті қатысушылар жіберіледі.
Конкурсқа қатысу және ұйымдастырушыға ұсыну үшін қажетті құжаттар тізбесі мен әлеуетті қатысушыларға қойылатын талаптар конкурстық құжаттамада көрсетілген.Конкурстық құжаттама көшірмелерінің топтамасын осы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін және 14-30-ден 18-30-ге дейін Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Театральная көш., 56А, №16 кабинет мекен-жайы бойынша алуға болады. Конкурстық құжаттама көшірмелерінің топтамасы тегін беріледі. Әлеуетті қатысушылар конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді, сондай-ақ біліктілігі бойынша іріктеу үшін конвертке желімделген құжаттарды «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ-ға келесі мекенжай бойынша тапсырады: ҚР, СҚО, Петропавл қ., Театральная көш., 56А, №16 кабинет.
Әлеуетті жекеше әріптестің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттарды ұсыну мерзімі – 2023 жылғы «6» ақпан Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 15.00-ге дейін қоса алғанда.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі – 2023 жылғы «16» ақпан Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 18.30-ге дейін қоса алғанда.
Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу 2023 жылғы «17» ақпан Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 15.00-де жүзеге асырылады, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Театральная көш., 56А, отырыс залы.
Әлеуетті жеке әріптес (оның уәкілетті өкілі) конкурстық құжаттаманың көшірмесін қағаз немесе электрондық тасығышта «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ материалдық-техникалық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Мұхамедқали С.С. Анықтамалықақпаратты «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ 8 (7152) 52-51-65 телефоны арқылы алуға болады.