23 қаңтар күні Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қатысуымен МЖӘ мәселелері бойынша жиналыс өтті.
Іс-шара барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын, сондай-ақ әлеуметтік сектордағы,көлік және электр энергетикасындағы МЖӘ-дегі IFC тәжірибесін талқылады. Кездесуге Таяу Шығыс және Орталық Азия бойынша IFC өкілдері қатысты. Сонымен қатар, іс-шараға Басқарма Төрағасы, сондай-ақ МЖӘ орталығының қызметкерлері қатысты.