Қостанай қаласында МЖӘ жобасына бастамашылық жасау туралы хабарлама

«Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі-Заң) және «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау мен іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 (бұдан әрі-№725 бұйрық) бұйрығына сәйкес, «Қостанай қаласында жол және қоғамдық қауіпсіздіктің зияткерлік жүйесімен тіркелген деректерді беру жөніндегі қызметтер» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына (бұдан әрі – МЖӘ Жобасы) тікелей келіссөздер тәсілімен бастамашылық жасау туралы хабарлайды.

Жобаны іске асыру кезеңі: 2023-2028 жж

Инвестициялық кезең: 6 ай.

Қызмет көрсету мерзімі: 5 жыл.

Жобаны іске асыру орны: Қостанай қаласы, Қостанай облысы.

Бюджеттен болжамды төлемдер және (немесе) мемлекеттік қолдау шаралары: «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңның 9-бабы 2-тармағының 1-тармақшасы негізінде Қызметтерді іске асыру.

Жобаның техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей қатыстылығы: қолданылмайды.

Жобаның құны: ҚҚС қоса алғанда, 3 567 319 мың теңге.

МЖӘ жобасының негізгі техникалық-экономикалық параметрлері:

1) 50 желілік учаскелерде ЖҚЕ бұзушылықтарын фотобейнетіркеудің аппараттық-бағдарламалық кешендері;

2) 10 қиылыста ЖҚЕ бұзушылықтарын фотобейнетіркеудің аппараттық-бағдарламалық кешендері;

3) 1000 жалпы бейнебақылау камерасы (800 – тіркелген, 200-айналмалы);

4) Қолданыстағы 100 жалпы бейнебақылау камераларын біріктіру;

5) Деректерді өңдеу және талдау орталығын ұйымдастыру;

6) Қостанай облысы полиция департаментінің Жедел басқару орталығын жаңғырту.

ЖҚЕ бұзушылықтарын фотобейнетіркеудің аппараттық-бағдарламалық кешендерінің функциялары:

– қозғалыстың белгіленген жылдамдығынан асып кету (ҚР ӘҚБтК 592-бабы);

– тоқтау сызығын кесіп өту (ҚР ӘҚБтК 601-бабы);

– бағдаршамның тыйым салатын сигналына жол жүру – бағдаршам шкафына қол жеткізу кезінде (ҚР ӘҚБтК 599-бабы);

– тұтас сызықты сақтамау (ҚР ӘҚБтК 601-бабы).

Сондай-ақ АӨК функционалдық мүмкіндіктеріне мыналар жатады:

– барлық тіркелген көлік құралдары (КҚ) туралы Деректерді деректерді өңдеу орталығына (ДӨО) беру;

– барлық тіркелген бұзушылықтар туралы деректерді ДӨО-на беру;

– тіркелген құқық бұзушылықтар туралы деректерді ҚР Бас прокуратурасының әкімшілік іс жүргізулерінің бірыңғай тізіліміне (ӘІБТ) беру;

– барлық тіркелген КҚ-ның бірыңғай дерекқорын қалыптастыру;

– көлік құралын іздеу, белгілі бір өңірдің, елдің көлік құралын іздеу, бағдарлау және т.б.;

– сүзу кезеңін көрсете отырып, картада КҚ бағытын қарауды жүзеге асыру;

– бұзушылықтар түрі, орналасқан жері, кезеңі және т.б. бойынша сүзу.

АӨК қосымша мүмкіндіктері:

– АӨК тіркелген, КҚ нақты уақыт режимінде қадағалау;

– бағдарлар бойынша КҚ іздестіру;

– белгілі бір уақыт аралығында көптеген бұзушылықтар жасаған көлік құралын анықтау.

Әлеуетті жеке серіктес мынаған жауапты:

1) Инвестициялық кезеңде Жүйені құруды меншікті және (немесе) тартылған қаражат есебінен қаржыландыру;

2) «Ақпараттандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ аттестаттаған ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне ақпараттандыру объектісін сынау актісін ала отырып, заңнама талаптарына сәйкес қызметтер көрсету. Қызметтерге деректерді беру арналарын ұйымдастыру кіреді.

Балама ұсынысқа қойылатын талаптар:

– әлеуетті жекеше әріптес ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 31-бабына сәйкес ЖҚЕ бұзушылықтарын тіркеуге арналған сертификатталған бақылау-өлшеу аспаптарын ұсынуы тиіс;

– әлеуетті жекеше әріптес Жобаны іске асырудың барлық аспектілерін, соның ішінде мақсаттары, міндеттері, функционалы, іске асыру шарттары, мерзімдері бойынша қамтитын көлемде оған айрықша құқықтар тиесілі ЖҚЕ бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді ұсынуы тиіс;

– әлеуетті жекеше әріптес ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының «Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 27 қазандағы №69-қе бұйрығына, ҚР ақпараттандыру саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес талаптардан төмен емес жалпы бейнебақылау камераларын, сондай-ақ айрықша құқықтары тиесілі бейне ағындарды басқаруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді оған ұсынуы тиіс;

– ҚР аумағында іске асырылған фотобейнетіркеу және бейнеаналитика жүйесін құру және пайдалану бойынша МЖӘ-нің кемінде 1 (бір) ұқсас жобасын іске асыруда тәжірибесі болуы тиіс.

Жоспарланған МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкес баламалы ұсыныс, сондай-ақ №725 Бұйрықтың 130-тармағына сәйкес жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға өтінім береді. Әлеуетті жекеше әріптес Заңның 32-бабына сәйкес мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс:

1) құқық қабілеттілігіне (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық әрекет қабілеттілігіне (жеке кәсіпкер үшін) ие болуға;

2) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауына төлемге қабілетті болып табылуға тиіс;

3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстарының болуы;

4) баланстық құны тиісті негізгі құралдар құнының он пайызынан асатын оның мүлкіне банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға тыйым салынбауға, оның Қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатылмауға тиіс;

5) соңғы үш жыл ішінде жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарттары бойынша міндеттемелерін орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін заңды күшіне енген соттың жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес не концессионер деп тану туралы шешімі негізінде жауапқа тартылмауға тиіс;

6) әлеуетті жекеше әріптестің құрылтайшылары, басшылары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілмеуге тиіс;

7) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеуге тиіс;

8) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі құнының кемінде жиырма пайызын құрайтын меншікті қаражаты болуға міндетті.

«Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ 2023 жылғы «11» наурыз бойынша балама ұсыныстар қабылдайды.

Анықтама үшін: «Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ, мекен-жайы: Қостанай облысы, Қостанай қ, Гоголь көшесі 75.

Байланыс тұлғалары: Сәуле Рамазанқызы Нурбаева, тел.: 8-7142-50-40-63

Previous Мемлекет пен жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асатын жобалар саны артуда

Leave Your Comment

«Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ