«Астана қаласының құрылыс басқармасы» ММ «Астана қаласында студенттік жатақханаларды салу» МЖӘ жобасы бойынша екі кезеңдік конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.
Жобаның атауы: «Астана қаласында студенттік жатақханаларды салу»
Жобаны іске асыру саласы: жоба арнайы орта білім беру саласында іске асырылуда.
МЖӘ жобасының мақсаты: Астана қаласында студенттік жатақханалар салу және тұру үшін қолайлы қызметтер көрсету жолымен халықтың қажеттілігін қанағаттандыру.
Осы жобаның ілеспе мақсаттары мен міндеттері:
– жаңа құрылыс есебінен арнайы орта білім беретін студенттік жатақханалар объектілерінің желісін дамыту;
– қазақстандық стандарттарға сәйкес келетін заманауи студенттік жатақханалар салу;
– жатақханаларды заманауи жайлылық аймақтарымен жабдықтау;
– жатақханаларды кең жолақты Интернетке қосу және оларды компьютерлендіру (коворкингтер);
– колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттік жатақханаларында спорт аймақтарын жарақтандыру;
– жатақханалардың медициналық кабинеттерінің базасында сапалы медициналық қызметтер көрсету.
МЖӘ объектісінің жобалық қуаты: 1000 төсек-орын.
МЖӘ жобасын іске асыру орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 59, онда учаскенің ауданы 0,5209 га құрайды.
МЖӘ жобасын іске асыру кезеңі 71 ай немесе одан да көп, оның ішінде:
Құрылыс мерзімі – 11 ай немесе одан да көп;
Пайдалану мерзімі – 5 (бес) жалдан бастап.
Жобаны салу мен іске асырудың осы мерзімдері шамамен және болжамды болып табылады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жекеше әріптестер 2023 жылғы 10 мамырда сағат 13:00 (жергілікті уақытпен) дейін «Астана қаласының құрылыс басқармасы» ММ-нің техникалық тапсырмасына сәйкес әзірленген техникалық ұсынысты ұсынуы, сондай-ақ қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы қажет, оның негізінде «МЖӘ туралы» ҚР Заңының 32-бабына сәйкес біліктілік іріктеу жүргізілетін болады.
Конкурсты ұйымдастырушының атауы: «Астана қаласының құрылыс басқармасы» ММ-сі.
Байланыс деректері: «Астана қаласының құрылыс басқармасы» ММ инновацияларды енгізу, есеп беру және жоспарлау талдаушылар бәлімінің бас маманы – Наби Азамат Алтайұлы, тел.: 8 (7172) 32-34-65, e-mail: a.nabi @astana.kz.
Құжаттар көшірмесінің топтамасын сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-18.30-ға дейін (жергілікті уақыт бойынша) мына мекен-жай бойынша алуға болады: ҚР, Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Сейфуллин көшесі, № 30 ғимарат, 4-ші қабат, № 19 бөлме.
2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 МЖӘ жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы қағидаларына сәйкес 06.12.2022 ж. редакцияда жарияланды;
Мерзімдері ҚР бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында хабарлама алғаш жарияланған күннен бастап есептеледі.