Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы (МЖӘ Орталығы) «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік: қазіргі жағдайы мен даму перспективалары» тақырыбындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында еліміздегі мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті (МЖӘ) дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.
МЖӘ экономикалық даму мен инвестицияларды тартудың маңызды құралы болып табылады. Ал МЖӘ Орталығы мемлекет пен жеке сектор арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіре отырып, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларында МЖӘ жобаларын іске асыруды қолдай отырып, елде МЖӘ дамытуда шешуші рөл атқарады. Соңғы жылдары МЖӘ жобаларын іске асыру тәжірибесі мемлекеттік маңызы бар объектілерге инвестициялау үшін жеке қаржыландыруды тарту, сондай-ақ жобалардың тәуекелдерін мемлекет пен бизнес арасында бөлу және басқару функцияларын жеке инвесторға беру арқылы тиімді басқаруды қамтамасыз ету мәселелерінде айтарлықтай оң нәтиже көрсетті.
Брифинг барысында «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы» заңына еңгізілген негізгі түзетулер, МЖӘ жобаларын реттеудегі жаңа тәсілдер, қазіргі экономикалық жағдайдағы МЖӘ дамытудың өзекті шарттары мен перспективалары, сондай-ақ МЖӘ Орталығының болашақтағы жоспарлары мен басымдықтары жайлы айтылды.
Брифингке Самат САҒЫНДЫҚОВ «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасы, Мұхамед КАБУЛЬДИНОВ «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Айдос КӨБЕТОВ «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарушы директоры қатысты.
Анықтама үшін:
Бүгінгі таңда МЖӘ-нің 1080 шарты жасалды, оның құны 2 140,5 млрд теңгені құрайды. Жасалған Шарттардың 88%-нан астамы сандық тұрғыдан 3 салаға тиесілі: білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету, энергетика және ТҮКШ.