«Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы ауқымында Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының «Екі-Езу сатиралық миниатюра театры» бөлімін «Ақтөбе облыстық сатира театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны етіп қайта құру мүмкіндігін қарау жөніндегі баламалы ұсыныстарын білдіруге сұраныс жасайтындығын хабарлайды.
Кәсіпорын қызметінің мәні – Ақтөбе облысында көркемдігі жоғары қазақ театры өнер бағдарламаларын әзірлеу, қазақ өнерін өзге елдерге сатира жанрында таныту шараларды жүзеге асыру, тарату, өткізу. Сонымен қатар отандық және әлемдік драматургтердің үздік үлгідегі туындылары арқылы облыс тұрғындарын рухани, эстетикалық және патриоттық тәрбиелеуге бағытталған мәдени және шығармашылық қызметті жүзеге асыру, отандық және шетелдік драматургия бойынша комедия, әзіл және сатира жанрында музыкалық спектакльдерді қою және көрсету болып табылады.
Ұсыныстар хабарлама жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қабылданады. Мекен жайымыз: Ақтөбе қаласы, «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-сі, Әбілқайыр даңғылы, 40, 622 б., т. 548722. e-mail: aktobe_kultura@mail.ru.