Қазақстанда коммуналдық инфрақұрылым жүйесінің құрылысы мен дамуы ұзақ уақыт бойы тек жергілікті бюджеттен қаржыландырылып келді. Алайда, көптеген елдерде бизнесті жұмыстарды орындаушы рөлінде ғана емес, сондай объектілердің серіктесі ретінде де тартуға болатынын бұрыннан түсінген, мұндай пікірді Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығының басқарма төрағасы Самат Сағындықов “ҚазАқпарат” ХАА тілшісімен әңгімелесуде айтты.
Дамушы экономикалар үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі ең тартымды құралдардың бірі болып қала береді. Коммуналдық инфрақұрылым мен қалаларды абаттандыру бағыттарын қарастыра отырып, МЖӘ-ні қаржыландырудың жұмыс органдарының бірі ретінде пайдаланудың пайдасы жайлы бірнеше дәлел келтіруге болады: инвестициялар тапшылығының болуы, даму үшін қаржы ресурстарының жетіспеушілігі, МЖӘ жобалары үшін инновациялық негіз, жеке инвесторларды тарту, ұлттық экономикалық саясатты іске асыру.
Қазақстанда коммуналдық инфрақұрылым жүйесінің құрылысы мен дамуы ұзақ уақыт бойы тек жергілікті бюджеттен қаржыландырылып келді. Алайда, көптеген елдерде бизнесті тек жұмыс орындаушысы ретінде ғана емес, сонымен қатар осындай объектілердің серіктесі ретінде де тартуға болатындығын бұрыннан түсінген. Қалаларды дамыту және абаттандыру үшін МЖӘ тетіктерін пайдалану ерекшелігі бүгінгі таңда өзекті.