Алғаш рет МЖӘ жобасының конкурсы жаңа электрондық алаңда жарияланды

Электрондық алаң құру жөніндегі жұмысты 2022 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен “Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы” АҚ МЖӘ жобаларын жоспарлау және іске асыру процесінің ашықтығын көздейтін портал құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында бастады.

МЖӘ туралы Заңға өзгерістер енгізу арқылы әдіснамалық негіз дайындалды. “Электрондық қаржы орталығы” АҚ-мен бірлесіп конкурстық рәсімдерді өткізу және МЖӘ шарттарын жасасу үшін 3 модуль әзірленді.
Процесті цифрландыруға Еуразиялық Даму Банкі (ЕАДБ) алаң құру үшін техникалық жәрдем қорының қаражатынан демеушілік білдірді.
Әзірленген жүйе кең функционалдық мүмкіндіктерге ие және бір терезе режимінде МЖӘ жобалары бойынша барлық конкурстық рәсімдер мен ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Оны Қазақстан Республикасының басқа ақпараттық жүйелерімен интеграциялау жоспарлануда.
“МЖӘ конкурстық рәсімдерін өткізу жөніндегі портал бәсекелестік үшін жағдай жасайды, жеке әріптесті іріктеу процесінің ашықтығы есебінен инвесторлардың МЖӘ жобаларына мүдделілігі болады”, — деп атап өтті МЖӘ орталығы Басқарма төрағасының орынбасары Нұртас Қайыров.
“Порталдың функционалы электрондық мемлекеттік сатып алуларға ұқсас, бұл жергілікті және орталық атқарушы органдардың қағаздан цифрлық форматқа көшуін жеңілдетеді. МЖӘ ерекшелігін ескере отырып, портал МЖӘ конкурстық рәсімдері процесінде тәртіпті арттыруға мүмкіндік береді”, – деп толықтырды МЖӘ орталығының ақпараттық-цифрлық қамтамасыз ету департаментінің директоры Марат Аталин.
Қазақстанның жаңа электрондық алаңында (ppp.ecc.kz) МЖӘ жобасы бойынша жекеше әріптесті айқындаудың конкурстық рәсімі алғаш рет өткізіледі. Қазіргі уақытта хабарлау рәсімі іске қосылды, оның шеңберінде әлеуетті жекеше әріптестер жобаны іске асыру үшін өз ұсыныстарын енгізе алады.

Previous ШҚО-да 240 орындық балабақшалар салу және пайдалану  жоспарланаған жобалары бойынша қызығушылық білдіруге сұрау салу

Leave Your Comment