Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығының Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды

2023 жылғы 29 тамыздағы “Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы” АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Құдайбергенов Бауыржан Әлібекұлы Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Сонымен қатар, директорлар кеңесінің құрамында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары Ербол Ахметов, “Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы” АҚ президенті Дамир Суентаев, “Unicase” заң фирмасының басқарушы серіктесі Сания Перзадаева, “Қазмедтех” АҚ Ішкі аудит қызметінің басшысы Расул Ержанов және “Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы” АҚ Басқарма төрағасы Самат Сағындықов бар.

Previous Алғаш рет МЖӘ жобасының конкурсы жаңа электрондық алаңда жарияланды

Leave Your Comment