МЖӘ тетігі арқылы ауылдық денсаулық сақтауды дамыту мәселелері бойынша кездесу

Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығының алаңында Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергеновтың басшылығымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін пайдалануымен ауылдық денсаулық сақтауды дамыту мәселелері бойынша кездесу өтті.

Іс-шараға қатысушы Денсаулық сақтау қауымдастығы мен бизнес қауымдастығының, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі мен бағынысты ведомствалық ұйымдарының өкілдері елдің ауылдық аймақтарындағы денсаулық сақтауды жақсартуға бағытталған стратегиялар мен іс-шараларды талқылады.
Кездесуде талқылаудың негізгі мәселесі “Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту” Ұлттық жобасы шеңберінде МЖӘ және жан басына шаққандағы қаржыландыру тетіктері арқылы бизнесті ұлттық жобаларды іске асыруға тарту болды.

Previous Павлодар қаласында жоспарланған жобасына мүдделерін білдіруді сұрау

Leave Your Comment