25-26 қараша күндері Орталықтың мамандары Қарағанды облысы әкімдігінің сұрауы бойынша «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жоспарлау және іске асыру» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шара МЖӘ жобаларын әзірлеу мен іске асыруға қатысатын мамандардың кәсіби құзыреттерін арттыруға бағытталды.
Семинар барысында қатысушылар МЖӘ жобалары бойынша жұмыстың негізгі кезеңдерін – жоспарлаудан бастап мониторингке дейінгі үдерістерді терең меңгерді. Қатысушылар конкурстық құжаттаманы әзірлеу, тәуекелдерді басқару және іске асыру процестерін оңтайландыру бойынша тәжірибелік білім алды.
Дәріскерлер:
Ан Елена – МЖӘ саласындағы зерттеулер департаментінің жобаларды басқарушысы
Арсланбаева Асель – МЖӘ жобаларын іске асыруды бағалау департаментінің жобаларын басқарушы
Семинар мемлекеттік органдар өкілдерінің арасында ерекше қызығушылық тудырды. Қатысушылар бағдарламаның өзектілігі мен тәжірибелік пайдасын атап өтті. Алынған білім мен дағдылар оларға мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде әлеуметтік маңызды жобаларды табысты іске асыруға мүмкіндік береді.