2025 жылғы 8 шілдеде мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің негізгі аспектілерін талқылау мақсатында ВТБ компаниялар тобының өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (МЖӘ) саласындағы заңнама мәселелеріне, соның ішінде ағымдағы жылдың 15 наурызында күшіне енген өзгерістерге баса назар аударылды. Жиында сонымен қатар нормативтік базаны жетілдіру бағыттары мен оның МЖӘ жобаларын іске асыруға тигізетін әсері талқыланды.
Кездесу аясында тараптар МЖӘ орталығының жаңа функциясы яғни, халықаралық қаржы институттарының қатысуымен ерекше маңызы бар МЖӘ жобаларының әзірлеу жұмыстарын үйлестіруді ерекше атап өтті.
Кездесу соңында тараптар бірлескен білім беру бастамалары арқылы өзара білім мен тәжірибе алмасу мүмкіндіктеріне тоқталды. Осы орайда, өзара әрекеттестік МЖӘ саласындағы ынтымақтастықты нығайтып, тиімділікті арттыруға бағытталғанын атап өткен жөн.