Кәсіпкерлік субъектілерін тарту мақсатында «ШҚО білім басқармасы» ММ келесі
мемлекеттік жекешелік жобасы: «Өскемен қаласындағы Космическая көшесі, 6/3
мекенжайы бойынша 240 орындық балабақша ғимаратын күрделі жөндеу, жарақтандыру,
абаттандыру және пайдалану» жоспарланғандығы туралы хабарлайды.
Жоба жеке серіктестің ғимаратта күрделі жөндеу жүргізуін,
материалдық-техникалық базаны жарақтандыруды, 240 орындық балабақша аумағын
абаттандыруды көздейді.
1) жобаны іске асыру саласы – мектепке дейінгі тәрбие және білім беру;
2) жобаны іске
асыру орны – Өскемен қаласы;
3) нысанның қуаты
– 1 балабақша 240 орындық;
4) құрылыс кезеңі – 2023-2024 жыл.
5) пайдалану
кезеңі – 20 жыл;
6) жобаның
мақсаттары мен міндеттері – Жалпы орта білім беретін мектептің бірінші сатысында
балаларды оқытуды бастауға дайындау сапасын жақсарту және Өскемен қаласының
тұрғындары үшін мектепке дейінгі балалар мекемелерінде орын тапшылығы мәселесін шешу;
7) бюджеттен
сұратылатын төлемдер және (немесе) мемлекеттік қолдау шаралары: Инвестициялық
шығындарды өтеу, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;
8) жоба техникалық және
технологияық жағынан күрделі.
Әлеуетті жекеше
әріптес Заңның 32-бабында айқындалған жалпы біліктілік талаптарына сәйкес
келуге тиіс.
Ұлттық экономика
министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру
қағидаларының (бұдан әрі – қағидалар) 135-тармағына сәйкес, жоспарланған МЖӘ
жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер хабарламада көрсетілген
талаптарға, сондай-ақ Қағидалардың 130-тармағында көрсетілген жекеше әріптесті
айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінімге сәйкес
баламалы ұсынысты ұсынады.
Осы жобаны іске
асыруға мүдделі болған жағдайда, “Шығыс Қазақстан облысының білім
басқармасы” ММ 2023 жылғы
13 сәуір айынан
кешіктірілмейтін мерзімде Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан
көшесі, 59/1, тел.8(7282) 702357 мекенжайы бойынша баламалы ұсыныстарды
қабылдайды.
Жауапты тұлға: “Шығыс Қазақстан облысының
білім басқармасы” ММ бюджеттік жоспарлау және материалды-техникалық дамыту бөлімінің
басшысы Әліпбаев Ж.Ж.