МЖӘ туралы Заңға – 10 жыл: мемлекет пен бизнестің серіктестігі жаңа белесте

ҚР «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы» Заңының қабылданғанына тура – 10 жыл толды. 2015 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы» Заңы қабылданды. Бұл заң еліміздегі заманауи ұлттық МЖӘ жүйесінің қалыптасуының негізін қалады. Аталған құжат мемлекеттік және жеке сектор арасындағы әріптестіктің институционалдық қағидаттарын, құқықтық және ұйымдастырушылық тетіктерін айқындап, инфрақұрылымды дамытуға, қоғамдық қызметтердің сапасын арттыруға және инвестицияларды ынталандыруға бағытталды.

10 жыл ішіндегі негізгі жетістіктер:

– Көлік, әлеуметтік инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және цифрландыру салаларын қамтитын толыққанды құқықтық-нормативтік база қалыптастырылды;

– Ел бойынша денсаулық сақтау, білім беру, энергетика және экология салаларындағы жүздеген МЖӘ жобалары іске асырылды және жүзеге асырылуда;

– Орталық және өңірлік деңгейлерде МЖӘ бойынша құзырет орталықтары құрылып, өңірлерде әріптестік тәжірибесін жүйелі дамытуға мүмкіндік берді;

– Жоғары оқу орындары мен ғылыми институттарда мамандандырылған бағдарламалар мен курстар енгізу арқылы МЖӘ саласындағы кадрлық және сараптамалық әлеует арттырылды;

– Қазақстанның ұлттық МЖӘ жүйесі Дүниежүзілік банк, APMG және Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) сияқты халықаралық ұйымдардың рейтингтері мен зерттеулерінде Орталық Азия өңіріндегі ең дамыған жүйелердің бірі ретінде мойындалды.

Он жыл ішінде Қазақстандағы МЖӘ орнықты даму мен инфрақұрылымды жаңғыртудың тиімді құралына айналды.Мемлекет пен бизнес арасындағы әріптестік инвестиция тарту тетігі ретінде ғана емес, сонымен қатар азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған стратегиялық міндеттерді іске асырудың пәрменді тәсілі екенін дәлелдеді. МЖӘ туралы Заңның 10 жылы — бұл мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жолы. Алда — инновациялар, цифрлық шешімдер мен халықаралық ықпалдастыққа негізделген жаңа даму кезеңі.

Previous Назарда — ашықтық пен сенім: МЖӘ орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау басталды

Leave Your Comment