Білім беру саласында іске асырылған табысты жобалардың бірі – BINOM School болып табылады

29 наурызда Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығының (МЖӘ Орталығы) өкілдері елордада BINOM School мектебін аралады. Бұл жоба BI Group холдингі МЖӘ қағидаты бойынша іске асырылуда.

МЖӘ білім беру саласында белсенді дамуда. Бұл ретте орта білім беру саласында іске асырылған табысты жобалардың бірі – BINOM School болып табылады. BINOM School-бұл халықаралық стандарттарға сәйкес келетін тегін оқытуды ұсынатын, қазақстандық жалпы білім беру процесінде озық әдістемелерді енгізу бойынша жаңа бренд. Озық білім беру стандарттары бойынша салынған мектеп заманауи білім беру технологиялық жабдығымен, мұғалімдерге арналған co-working, трансформацияланатын актілік және Media залымен, бай кітапханамен, қауіпсіздік жүйесімен және т. б. жабдықталған.

Бүгінгі таңда МЖӘ тетігі әлеуметтік инфрақұрылым құрылысына құрылыс салу үшін ірі отандық инвесторлар мен құрылыс салушыларды тартуға мүмкіндік береді, бұл МЖӘ құралын қолдану арқылы мемлекеттің инвестициялық саясатын іске асырудың оң нәтижесі болып табылады.

Мұндай жобаларды іске асыру үш ауысымды оқыту мен авариялық білім беру объектілеріне байланысты проблемалық мәселелерді шешіп қана қоймай, елдегі орта білім беру сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

КМЖӘО баспасөз қызметі

Previous “Атамекен” ҰКП алаңында МЖӘ жобаларына мониторинг жүргізу жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

Leave Your Comment