«Мемлекеттік-жекешелік әріптестікке шолу: Қазақстан»

Астанада Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы және Азия даму банкінің ұйымдастыруымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын дамыту мәселелері бойынша конференция өтті. Іс-шара шеңберінде Азия даму банкінің дайындаған «Мемлекеттік-жекешелік әріптестікке шолу: Қазақстан» құжаты ұсынылды, аталмыш шолуда мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту, инфрақұрылымды қаржыландыру көлемін ұлғайту және қызметтер көрсету сапасын арттыру үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасаудағы Қазақстанның ілгерілеуіне баға берілген.

Іс-шараның басты мақсаты – экономиканы трансформациялау жағдайында пікір алмасу және шешімдерді талқылау үшін алаң құру және Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы Азия даму банкі есебінің нәтижелері мен қорытындыларын ұсыну. Атап өту керек, конференция іскерлік байланыстар орнатуға және инвесторлар мен жеке компаниялар арасында әлеуетті серіктестіктер құруға арналған алаңына айналды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Абзал ӘБДІКӘРІМОВ, Азия даму банкінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша тақырыптық тобының жетекшісі Адриан ТОРРЕС, Азия даму банкінің Қазақстандағы тұрақты өкілдігінің директоры Нариман МАННАПБЕКОВ, Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығының басқарма төрағасы Самат САҒЫНДЫҚОВ, Азия даму банкінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша бас маманы Хелен СТЮАРД, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласының сарапшылар, орталық және жергілікті атқарушы органдар мен бизнес-құрылымдардың өкілдері қатысты.
Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов өзінің құттықтау сөзінде министрлік МЖӘ Орталығымен және Азия даму банкімен бірлесіп заңнамалық ортаны жақсарту бойынша, оның ішінде нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру, “МЖӘ туралы” және “Концессиялар туралы” заңдарды біріктіру жолымен заңнаманы біріздендіру бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. Бұдан басқа, Азия даму банкінің техникалық көмегі шеңберінде МЖӘ мамандарын министрліктер, әкімдіктер және басқа да мемлекеттік органдар үшін МЖӘ тетігін іске асырудың халықаралық практикасына оқыту ұйымдастырылғанын атап өтті.
Сондай-ақ, МЖӘ Орталығының қызметі мен жоспарларына Басқарма төрағасы Самат Сағындықов шолу жасап, МЖӘ процестерін оңтайландыру, инвесторлар мен халықаралық қаржы ұйымдарын қолдау мақсатында республикалық және ірі жергілікті жобаларды сүйемелдеу мақсатында мемлекет тарапынан “бірыңғай терезе” құру қажеттілігі бар екенін атап өтті.
МЖӘ Орталығының басқарушы директоры Айдос Көбетов модератор болған Қазақстандағы МЖӘ шектеулері мен мүмкіндіктеріне қатысты жеке сектордың көзқарастары туралы панельдік талқылау барысында мемлекеттік ұйымдар мен жеке бизнес арасындағы әріптестік қатынастарды дамыту мен нығайтуға қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Қатысушылар қатарында талқылауға қатысқан «Alsim Аларко», «Plenary» компанияларының, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкі мен “Батыс Транзит” жергілікті компанияларының өкілдері экономикалық өсуді ынталандыруға және елге инвестициялар тартуға бағытталған пікірлерімен алмасты.
Конференция Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шолуының тұсаукесері және панельдік талқылау жұмысынан басқа шетелдік және қазақстандық сарапшылардың қатысуымен әлеуметтік орта, цифрландыру мен климаттың өзгеруінің салдарын жеңілдету салаларындағы зерттеу қамтыды. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы жетекші сарапшылардың сөз сөйлеуі және табысты жобалардың тұсаукесерлері экономиканың тұрақты дамуына қол жеткізудегі тиімді ынтымақтастық пен инновацияның рөлін атап өтті.   

Анықтама үшін:
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестікке шолу: Қазақстан» туралы: жетекші қаржы және заң сарапшыларының деректерін біріктіретін аталмыш шолу Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік үшін жағдайлар мен мүмкіндіктерді сипаттайтын 500-ден астам сапалық және сандық көрсеткіштерді, сегіз инфрақұрылымдық секторды және жергілікті мемлекеттік басқару органдары деңгейіндегі жобаларды қамтиды. COVID-19 пандемиясы әлеуметтік инфрақұрылымды саясат пен жоспарлаудың алдыңғы қатарына шығарғандықтан, бұл басылым денсаулық сақтау, білім беру және қолжетімді баспана жайлы да сөз қозғайды. Шолудың толық нұсқасымен сілтеме бойынша өтіңіз

Previous Анонс: 15 маусымда МЖӘ дамыту мәселелері бойынша конференция өтеді

Leave Your Comment